Алматыда Көктебе баурайы өртеніп жатыр
Алматыда Көктебе баурайы өртеніп жатыр
1,173
оқылды
Алматыда тау баурайындағы табиғи өрт тоқтар емес. Енді Көктөбе саябағы маңында қураған шөп жанып жатыр. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңсай тауының баурайындағы өрт сағат 18:56-да әрең дегенде ауыздықталған, өрт сөндірушілер бірден тағы осыған ұқсас шақырту бойынша Көктөбеге ары қарай аттанды.
  Сағат 18: 58-де ТЖД-ның табиғи өрттерге ден қою жөніндегі жасағы Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 үй жанындағы өртті сөндіруге жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша аттанды. Белгілі болғандай, тау баурайында құрғақ шөп өртенген.