Көктөбедегі өрт сөндірілді
Көктөбедегі өрт сөндірілді
284
оқылды
Алматыда Көктөбе баурайында тұтанған өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«6 қыркүйек күні сағат 18:58-де Алматы қаласы ТЖД өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78-үй маңындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Келген бойда алдын ала болжам бойынша 3 га алаңда тау баурайы учаскелерінің жанып жатқаны анықталды. Қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары дереу ұлғайтылды. Сөндіру күрделі рельефпен, желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады. Қабылданған жедел шаралар арқасында сағат 20:22-де толық оқшаулауға қол жеткізілді. Сағат 20:35-де өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.