Алматыда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Алматыда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Фото: sputnik.kz
301
оқылды
Алматы қаласы Алатау ауданында Емцов көшесінің бойында жол апатынан жүргізуші қаза тапты. Sputnik.kz-тің мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі Рысқұлов даңғылынан төмен солтүстікке қарай келе жатқанда рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік бордюрден өтіп, көшедегі екі жарықтандыру бағанасын қиратып, арыққа түсіп кеткен. Жол апатынан 1974 жылы туған жүргізуші сол жерде қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.