Рейсті кешіктірген Air Astana мен Fly Arystan-ға қанша айыппұл салды?
Рейсті кешіктірген Air Astana мен Fly Arystan-ға қанша айыппұл салды?
Фото: news.myseldon.com
338
оқылды
Рейсті кешіктірген әуекомпания иесін жауапқа тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, биыл тамызда Air Astana әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі – Fly Arystan әуекомпаниясы) қатысты рейс кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды. Шілде айынан бастап Air Astana әуекомпаниясына жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 теңге) болатын алты айыппұл салынды. SCAT әуекомпаниясы рейс кідірген кезде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Әуекомпанияларды жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 теңге) сомасына әкімшілік жауапқа тартты.
«Азаматтық авиация комитеті жолаушылар құқығын қорғайды. Тасымалдаушылар тарапынан ережені қайталап бұзу фактілері анықталған жағдайда шара қабылданады», – делінген хабарламада.