Air Astana-ның бірнеше ұшағында ақау бар - Питер Фостер
Air Astana-ның бірнеше ұшағында ақау бар - Питер Фостер
Air Astana Airbus A321-200 aircraft with registration P4-OAS, 2 AE V2500 jet engines, seen taxiing at Amsterdam Schiphol International Airport AMS EHAM in the Netherlands. Air Astana, KC, KZR, ASTANALINE is the flag carrier of the Republic of Kazakhstan connecting the Dutch capital to the Kazakh ATMA Atyrau Airport GUW UATG, the lowest commercial airport in the world at -22m below the sea level. (Photo by Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images)
300
оқылды
БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған брифингте Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер рейстердің жиі кешігу себептерін түсіндірді. Компания басшысының айтуынша, рейстерді уақытылы орындау көрсеткіштері соңғы 6 аптада 85 пайыздан 74 пайызға дейін төмендеген.
«Біз қазір бірнеше қиын мәселеге тап болдық. Оның бірі – әуежайларда қызмет көрсетуге бағытталатын қажетті ресурстардың болмауы. Демек, бұл мәселе тек Еуропа елдерінде ғана емес, Қазақстанда да болып жатыр. Сонымен қатар, техникалық қиындықтар бар. Атап айтқанда, біздің «Airbus A320 neo» ұшақтарындағы «Pratt&Whitney» қозғалтқыштарында ақаулар болды. Қажетті бөлшектерді сатып алғанымызбен, оны жеткізу мүмкін болмай тұр. Бұл – авиация саласында жиі кездесетін мәселе. Рейстердің кешігуіне себеп болып отырған тағы бір фактор – құстардың ұшақтарға соғылуы. Биыл жыл басынан бері осындай 63 жағдай тіркелді», – деді Air Astana компаниялар тобының президенті.
Сөз соңында Питер Фостер кешіккен рейстер үшін жолаушылардан кешірім сұрады.