Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа деректерді жариялады
Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа деректерді жариялады
2,549
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы Антикор мәлімдеді.
"Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді. Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде", – деп жазды Антикордан.
Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады. Күдікті адамдар күзетпен ұсталуда. Тергеу жалғасып жатыр.