Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар құны 0,67 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағасы – 473, 18 теңге.
Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473, 10 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 479 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу – 477,5 теңге.
Ресей рублі 7,35-7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.