Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровпен кездесті.
Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген тақырыптар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.