Тұңғыш Президент кітапханасында дөңгелек үстел қатысушылары Тоқаевтың жолдауын талқылады
Тұңғыш Президент кітапханасында дөңгелек үстел қатысушылары Тоқаевтың жолдауын талқылады
518
оқылды
Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әзербайжан Президенті Әкімшілігінің жанындағы Әлеуметтік зерттеулер орталығы, Еуразиялық интеграция институты, Қазақстан қоғамдық даму институты, «Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты, Экономикалық саясат институты, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы және Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшелері қатысты.  width=
 «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандық қоғамды жаңғырту үдерісіндегі маңызды кезең болып табылады. Ол биыл маусым айында өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша өткізуге халықтан мандат алған Президент жүргізіп жатқан конституциялық реформаның түйінді идеяларының қисынды жалғасын тапты. Қайта құрулардың негізгі мәні қарапайым адамға, оның мүдделері мен қажеттіліктеріне бет бұруда, азаматтар мен азаматтық қоғамның мемлекетті басқару процесіне қатысуын түбегейлі кеңейтуде. Қоғамдық-билік қатынастарының жаңа парадигмасында азаматтық белсенділік пен жалпы халықтың қолдауына сүйене отырып, Президент Қ.К.Тоқаев әу бастан-ақ «еститін мемлекет» прогрессивті идеясын жариялады. Қазақстандықтардың саяси, экономикалық, қоғамдық салаларда өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуға, сондай-ақ маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесінде отандастарымыздың шешуші дауысқа ие болуына мүмкіндік беретін тетіктерді кеңейтуге баса назар аударылады», – деді ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат. «Қазіргі Жолдауды белгілі бір салалардағы мемлекеттік саясат парадигмасын өзгерту тұрғысынан бетбұрыс деп атауға болады. Әлеуметтік саясат түбегейлі қайта қаралып, қоғамда тек мемлекетке ғана үміт арту жоқ екені және елдегі тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру мәселесін тезірек шешу қажет екені ұғынылды. Мемлекет басшысының бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан демократияландыру процесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. ШОБ мүдделерін қорғайтын құқық қорғау органдарының жұмысы қайта құрылуда», – деп айтты Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеев. «Бүгін бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен қатар, сарапшылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Жолдау әртүрлі саланы қамтыған айтарлықтай көлемді болды. Сондықтан әртүрлі пікірлерді тыңдау өте маңызды, өйткені оның мәні Жолдаудың қағидаттарын түсіндіруде ғана емес, оны одан әрі жүзеге асырудың нақты шараларын талқылауда», – деп атап өтті «Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты директорының Динара Сәдуақасова. «Жолдаудың алдында ұлттық ауқымдағы теңдессіз конституциялық реформа болды. Енді Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатты жүргізуге кірісу керектігін, оның негізгі аспектісі – мемлекеттің экономикадан шығуы туралы нақты белгі берді. Барлық жоспарланған конституциялық реформалар жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан қуатты экономикалық серпіліске ие болады деп сеніммен айта аламын», – деп Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков пікірмен бөлісті.
 width= Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдірді.