Қостанайда пара алды деген күдікке ілінген судья қамауға алынды
Қостанайда пара алды деген күдікке ілінген судья қамауға алынды
Қостанайда ұсталған судьяға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі хабарлады. Шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы бір күн бұрын, 9 қыркүйекте шығарған. Қостанай облыстық сотының күдікті қызметкері Асқар Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалғаны хабарланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Асқар Дарбаев тамызда ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталған. ҰҚК Тергеу департаменті "аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.