Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасы аясында азаматтарды жаппай оқыту және білім беру сапасын жақсарту заңнама негізінде бекітіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар жаппай оқытылмақ.
Министрліктің мәліметінше, бұрын жылына шамамен 500 мың адам қамтылды. Енді оқыту үшін нысаналы контингентке санаттары мен мәртебесіне қарамастан, 9 млн адамға дейін еңбекке қабілетті жастағы барлық азамат кіреді.
Бұл ретте жаңа дағдыларды алуға қолжетімділік үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздері арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшарт шеңберінде бөлінетін болады.
Атап айтқанда, мемлекет жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмыссыздар мен халықтың жекелеген нысаналы санаттары үшін қысқа мерзімді тегін оқыту курстарын ұйымдастырады.
Бұл ретте оларға оқытудың түрлі форматтары, оның ішінде skills.enbek.kz платформасында онлайн оқытуды ұсыну көзделуде. Бүгінгі күні бұл платформада 151 курс орналастырылған, оның 97-інен тегін өтуге болады.
Азаматтар әлеуметтік мәртебесіне байланысты мемлекет немесе жұмыс берушілер ұйымдастыратын тегін курс оқи алады. Ақылы курстарды өз қалауы бойынша таңдауға да мүмкіндік бар. Сертификат береді.