Eurasian Resources Group (ERG) Қостанай облысындағы өрттің салдарын жоюға 1 миллиард теңге бөлді. Бұған дейін Еуразиялық Топ құрамындағы ірі кәсіпорын – «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) тілсіз жаумен күреске арнайы техникаларын аттандырған болатын.
Қостанай облысы әкімдігінің келісімімен, ERG бөлген қомақты қаражат – 1 млрд теңге алапат өртте жанып кеткен орман алқаптарын қалпына келтіруге жұмсалатын болды. Қаржы бұрын айтылғандай төтенше оқиғадан зардап шеккендерге қолдау көрсететін бірыңғай қорға емес, орманды қалпына келтіріп, көшет егетін компанияға тікелей аударылады. Бұдан бөлек, компания ERG-дің 2025 жылға дейінгі Экологиялық стратегия аясында 420 мың түп ағаш егу жұмысын барынша белсенді жалғастырады.
– Мұндай апатпен күресте ауыpбіршілік ерекше маңызды. Жалынның тұтану аймақтарын ауыздықтауға «ССКӨБ» АҚ арнайы техникаларын аттандырдық. Өрттің салдарымен күрес де ауқымды жұмыс. Компания бөлген қаражат осы қалпына келтіру жұмыстары мен зардап шеккен аймаққа қажетті көмек көрсетуге жұмсалады, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
Қазір әлемде қалыптасқан геосаяси ахуалға байланысты ССКӨБ сатылымдары 50% төмендегеніне қарамастан, компания сын сағатта тұрғындарды қолдауға қаражат бөліп отыр.
ERG-дің өндірістік активтері Қостанай облысында – Рудный, Лисаковск қалалары мен Октябрьский және Қашар кенттерінде орналасқан.