Алматыда жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды
Алматыда жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды
454
оқылды
Алматыда із-түссіз жоғалған 15 жастағы Нигерия азаматшасы табылды, деп хабарлайды  Polisia.kz сайты. Алматы қаласы Әуезов аудандық Полиция басқармасының хабарлауынша, 12 қыркүйекке қараған түні қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 15 жастағы оқушы жоғалып кеткен.
«Түнгі сағат 01:40 минутта полицияға қоңырау шалған әйел адам қызы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмағанын айтты. Белгілі болғандай екеуінің арасында жанжал болған. Кәмелетке толмаған баланың жоғалуына байланысты арнайы іздестіру тобы құрылды. Абырой болғанда, қыз табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды», – деді аталған бөлімшенің бастығы Елнұр Құдіретбаев.