Алматыда 3 қабатты коттеджден 20 қыз ұсталды
Алматыда 3 қабатты коттеджден 20 қыз ұсталды
© видеодан алынды
1,832
оқылды
Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Stop-трафик” жедел-профилактикалық шара  барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырған.
– Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің “қызметкерлері” Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың жеке басы және басқа да бір құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғы  тексерілуде. Медеу аудандық Полиция басқармасы ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдарын жинақтады. Көрсетілген салонның иесі де анықталды. Ол 34 жастағы Ж. есімді азамат болып шықты. Ол да жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
https://www.youtube.com/watch?v=QyOWVsHZy2M