Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,40 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 473, 45 теңге.
Ұлттық банктің 13 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 471, 99 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге.
Ресей рублі 7,35-7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.