Осы ауқымды шараға қызмет көрсету біздің Авто шаруашылыққа, Медициналық орталықтың ауруханасына, Әкімшілік ғимараттар дирекциясына, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығына, ресми іс-шаралар бөлімі және басқа да бөлімдерімізге жүктеліп отыр.
Ұжымның 350-ден астам мүшесі техникалық қолдау аясында съезге тікелей атсалысады. Мәртебелі қонақтарды күтіп алады, оларды көлікпен тасуға, орналасуына, тамақтануына, медициналық тұрғыда көмектесуге жауап береді.