Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады
285
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

15 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 15 қыркүйекте шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с.

15 қыркүйек Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ: 15 қыркүйек күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Күндіз 15 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

15 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында топырақ бетінде 3 градус үсік сақаталады. Қарағанды қ: 15 қыркүйекте түнде топырак бетінде 3 градус үсік сақталады.

15 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 15 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 19 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте түнде Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақаталады.

15 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

15 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 15 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

15 қыркүйекте түнде Абай облысының солтүстігінде тұман, топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с. Семей қ.: 15 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 15 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.