Астана атауын қайтаруға қанша қаражат кетеді?
Астана атауын қайтаруға қанша қаражат кетеді?
Фото: islamnews.ru
580
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов Астана атауын кері қайтаруға қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Елорда атауын өзгерту мәселесін қалалық мәслихат онлайн форматта халықпен бірге талқылады.
«2019 жылдан бастап барлық мемлекеттік мекемелер 100% цифрлық құжат айналымы форматына көшті. 2019 жылы әкімдік маңдайшаларды, бланкілер мен мөрлерді ауыстыруға 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Биыл цифрлық құжат айналымына көшуді ескерсек, шығын әлдеқайда аз болады. Өйткені қазір көптеген мемлекеттік органдар формада ресми түрде ештеңе жібермей, ЭЦҚ пайдаланады», – деді Ерлан Қаналимов.
Бұған дейін елорда атауын қайтаруға қатысты «AMANAT» партиясының Мәжілістегі фракциясы Астана атауын қайтару туралы бастаманы қолдағанын жазған болатынбыз.