Доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады
269
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 474, 19 теңге. Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473, 91 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір  Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңгеден болса, сатып алу құны – 477 теңге. Ресей рублі 7,35-7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.