Алмагүл Сегізбай: Президенттің жеті жылдық мерзімге бір рет сайлануын қолдаймын
Алмагүл Сегізбай: Президенттің жеті жылдық мерзімге бір рет сайлануын қолдаймын
339
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, №91 мектеп-гимназияның директоры Алмагүл Сегізбай Президенттің жеті жылдық мерзімге бір рет сайланатынын қолдайтынын жеткізді. – Парламент палаталарының бүгінгі отырысында депутаттар президент өкілеттігін 7 жыл етіп бекіту бастамасын қолдап дауыс берді. Өйткені аталған норма билікті монополиялап алуға мүмкіндік бермейтіні белгілі. Оның үстіне Қасым-Жомарт Тоқаев бір реттік президенттік сайлауды ұсынып, демократиялық қадам жасап отыр. Президенттің бұл қадамын, яғни жеті жылдық мерзімге сайлануына қолдаймын. Себебі, Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарды орындап, алға қойған міндеттерді толық жүзеге асыра алатын нақты уақыты жетті. Сондықтан сайлаушылар 7 жыл бойы оның саясатын, ел басқаруын бақылай алады. Сондай-ақ, бүкіл билік мерзімінде жүйелі, кезең-кезеңімен жұмысты көруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар кезекте тұрған сайлаушылар президенттік сайлау бағдарламасының аралық орындалу барысын бақылауға мүмкіндік алады, –  дейді Алмагүл Тілектесқызы.