Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлайды.
Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.
"Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!" - деді Президент.