Тоқаев әлемдегі ең ірі қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен кездесті
Тоқаев әлемдегі ең ірі қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен кездесті
259
оқылды
Президенттің америкалық іскер топтармен екіжақты кездесулері жалғасып жатыр. Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ірі S&P Global қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен кездескен. Кездесу барысында энергетикалық қауіпсіздік саласының өзекті мәселелері мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілетін арттыру шаралары қарастырылды.