Президент Google компаниясында жұмыс істейтін қазақ қызын қызметке шақырды
Президент Google компаниясында жұмыс істейтін қазақ қызын қызметке шақырды
Фото: Видеодан скриншот
1,045
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та жұмыс сапарымен жүр. Google-дің инженер-программисі Арай Сабыржан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысы туралы айтып берді. Бұл туралы БОРТ N1 Telegram  арнасы хабарлады.   
«2017 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (Алматы қаласы) компьютер саласынан бакалавр дәрежесін алдым. 2017 жылы Сан-Францискоға келіп, біраз стартап компанияларда жұмыс істедім. Қазір  Google компаниясында виртуалды машиналардың бағдарламашысымын», – деді Арай Сабыржан.
Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясымен келісімшарты қандай мерзімге жасалғанын сұрады. Арай Сабыржан келісімшарт толық мерзімге жасалғанын айтты. Жүздесуде Президент оған Қазақстанға қайтып келуді ұсынды. «Америкада жақсы, бірақ Қазақстан деген керемет. Мен ойлаймын, сіз Қазақстанда да жұмыс істей аласыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.