Жетісу облысында жолда көлік аударылып, ішінде отырған 3 адам түгел көз жұмды
Жетісу облысында жолда көлік аударылып, ішінде отырған 3 адам түгел көз жұмды
© inbusiness.kz
859
оқылды
Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласы маңында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 қыркүйекте таңертең Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының 273-шақырымында болған.
«Жол талғамайтын Lexus 470 көлігі жол жиегінен 50-60 метрге ұшып кеткен. Көлік ішінде болған екі ер адам мен бір әйел оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың екеуі 1983 және 1985 жылғы ерлі-зайыпты адамдар екені анықталды. Үшіншісінің жеке басы әлі анықталған жоқ», – делінген ПД хабарламасында.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауға кірісті. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары қолға алынды.