"20 қыркүйек күні сағат 08:57-де Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта қамыс жанып жатқаны тіркелді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге 25 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды", – деп түсінік берді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті.Бұған дейін, 14 қыркүйек күні Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта 6 гектар қамыс жанып жатқаны хабарланған еді.
Баян Жанұзақова