«Ауданға әкім болып тағайындалған кезде 57 елді мекеннің барлығын аралап шықтым. Ауылдарда жүзеге асырылуы тиіс мәселелерді сондағы тұрғындармен бірге талқыладық. Солардың бірі, елді мекендерді газбен қамту мәселесі болатын. Боралдай мен Қызылсеңгірге қазан айына дейін газ беріледі деп уәде берілген еді. Бүгін сол сәт туып, қуаныштарыңызға ортақтасып отырмыз, – деді аудан басшысы.Боралдай елді мекенінде 80-ге тарта үй бар, онда 500-ге жуық тұрғын өмір сүреді. Ал 57 тұрғын үйі бар Қызылсеңгір ауылында 400-ден астам халық тұрады. Жалпы Ордабасы ауданындағы 57 елді мекеннің төртеуі ғана, яки 17 пайызы табиғи газбен қамтылған. Келесі жылы бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Екі ауылға газ берілді

313
оқылды
оқылды