Ресей ядролық қару қолданады: Путин халыққа Жолдауын жариялады
Ресей ядролық қару қолданады: Путин халыққа Жолдауын жариялады
Фото: Александр Демьянчук/ТАСС
1,561
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин елдің тұтастығын қорғау үшін қолындағы барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА НОВОСТИ Ресей басшысы Батыс Киевті Ресейге қарсы әскери операция ұйымдастыруға итермелеп жатқанын айтты. Ресейді ұрыс алаңында талқандап, тәуелсіздігінен айырып, тонауға шақыратын Батыстың ұрандарына жауап ретінде Путин елде түрлі қырып-жою құралдары бар екенін ескертті. Оның айтуынша, Ресей аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін бар мүмкіндікті пайдалануға дайын.
Тағы атап өтемін, қолымыздағы барлық құралдармен қорғанамыз. Ал бізді ядролық қарумен бопсалауға тырысатындар желдің де өз бағытына бұрылуы мүмкін екенін білуі керек", - деді Ресей президенті халыққа жолдауында.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында елде ішінара мобилизация жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.