2022 жылғы 23 қыркүйектен бастап Өзбекстанда «Мир» карталарына қызмет көрсету техникалық себептерге байланысты тоқтатылды. Бұл туралы ӨзА хабарлады. UZCАRD банкаралық төлем жүйесінің мәліметінше, карталарға қызмет көрсетудің тоқтатылуының себебі - төлем жүйесінің қатысушысы тарапынан қажетті техникалық процедуралардың жүргізілуі.
Баспасөз қызметі, сондай-ақ Uzcard-Mir ко-бейдж карталары Өзбекстан аумағында тұрақты режимде жұмыс істейтінін, бірақ шетелде жұмыс істемейтінін атап өткен.
Өзбекстанда «Мир» картасын мына банктер айналысқа шығарған еді:
- Aloqabank;
- Mikrokreditbank;
- Milli bank;
- Turon Bank;
- Xalq banki;
- Qishloq Qurilish Bank.