Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
288
оқылды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Астана қаласында 27 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде минус 5 градус аязға дейін төмендейді. Ақтөбе облысында батыстан, солүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 16 м/с күтіледі. Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Павлодар облысыңың батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді.