«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.