11 мың қазақстандық ресейліктерді үйінде тұрғызып жатқанын хабарлаған
11 мың қазақстандық ресейліктерді үйінде тұрғызып жатқанын хабарлаған
© halyq-uni.kz
465
оқылды
ҚР Ішкі істер министрлігіне 11 мың қазақстандық ресейлікті паналатқаны туралы хабарлама түсірген, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында ІІМ Көші-қон қызметі комитет төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
«Бүгінге дейін мұндай мәліметпен 11 мың хабарлама түсті. Осы мүмкіндікті пайдаланып тағы да осы заңнаманы сақтауларыңызды сұраймын. Бұл – нақты біздің азаматтарға қатысты талап. Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаны олар 3 күннің ішінде хабарлауы керек. Әйтпесе, бұл үшін Әкімшілік құқықбұзушылық  туралы кодекстің 518-бабы бойынша жауапкершілік көзделген», – деді комитет басшысы.