Ақтөбеде 42 балаға манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде 42 балаға манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: atpress.kz
443
оқылды
Ақтөбеде жекеменшік медициналық мекеме қызметкерлері вакцинаны шатастырып алған. Оқушыларға манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған.
«Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөлімі манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша іс қозғалды. Медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының бақылауында болады», – деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
Бұған дейін Ақтөбеде анасын өлтірген оқушы қыз бен оның сүйіктісіне сот үкімі шыққаны туралы жазған болатынбыз.