Алматыда 14 жасар жасөспірім 18-қабаттан құлап мерт болды
Алматыда 14 жасар жасөспірім 18-қабаттан құлап мерт болды
bashinform.ru: Facebook
879
оқылды
Алматыда 14 жасар жасөспірім биіктен құлап көз жұмды. Алматы қаласының Полиция департаменті мәлім еткендей, марқұм 2007 жылы туған.
«18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім қайтыс болды», – делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек  Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.