Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Атырау облысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды.
29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Актөбе - Атырау - Астрахань тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.