«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті.
Жиынға филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов, филиалдың Саяси кеңесі және бюро мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің және партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, жергілікті атқарушы және өкілетті орган жетекшілері, қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестігі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыстық конференцияның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасы талқыланып, XXIV кезектен тыс съезге қатысатын делегаттардың тізімін бекіту мәселесі қаралды.
«AMANAT» партиясының Саяси платформасы биыл наурыз айында іске қосылған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі. Платформа Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасын, даму бағдарын, саяси мақсатын қамтиды. Саяси тұғырнаманы талқылауға партиялықтар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, азаматтық белсенділер қатысты. Платформа бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамада 40 мыңнан астам партия мүшесі өз ұстанымын білдірді, мыңнан астам бастама түсті. Біздің міндетіміз – «AMANAT» партиясының жаңа саяси платформасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету», – деді Даниал Ахметов.
«AMANAT» – халық үніне құлақ асатын партия. Саяси құжаттың «Білімді ел» бөлімінде біз тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, білімі мен кәсіби қабілетін жетілдіруге дайын азаматтарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет делінген.
«Біз, көптеген партиялас сияқты, «AMANAT» партиясының саяси платформасы бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға белсенді қатыстық. Біздің ұсыныс жаңа құжатта ескерілгенін атап өткім келеді. Мысалы, Саяси платформа мәтінінің көлемін азайтуды ұсындық, бұл оның мәнін жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Президент бастамашылық еткен жүйелі реформаларды табысты іске асыруға барлық тәжірибеміз бен қабілетімізді бағыттаймыз», – деді «Онкоцентр» бастауыш партия ұйымының төрағасы Анна Кухарева.
«Жастар халықтың тарихын, тілі мен дәстүрін құрметтейді. Біз білімді болуға ұмтыламыз, заманауи дәуірдің талаптарына бейімделе аламыз. Технологиялық инновацияларды меңгеріп, көшбасшылық қасиеттерге ие боламыз. ШҚО жастары «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасының жаңаруын толық қолдайды», – деді ШҚО филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Қорлан Туғанбаева.
Конференция соңында 6 қазан күні Астанада өтетін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне делегаттардың тізімі бекітілді.