Әділ Қазақстан тұжырымдамасы бірте-бірте нақты мазмұнға ие болуда - Никита Шаталов
Әділ Қазақстан тұжырымдамасы бірте-бірте нақты мазмұнға ие болуда - Никита Шаталов
227
оқылды
Өткен аптадағы елдегі басты жаңалық - Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтарға жасаған сапарлары. Мемлекет басшысы Шымкент қаласы мен Түркістан, Абай облыстарына барып қайтты. Барлық жерде жергілікті азаматтық қоғаммен кездесулер өткізді. Президент осындай кем дегенде тағы 5 сапар жасайды деп ойлаймын, олардың барысында ол мемлекеттің және жекелеген аймақтардың (шын мәнінде, макроөңірлердің) алдағы жылдардағы дамуы туралы өзінің көзқарасын айтады. Бұл туралы белгілі саяси шолушы, қоғам белсендісі Никитиа Шаталов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, әр кездесуде Президент өзінің Әділ Қазақстан туралы ұстанымын түсіндірген. Бұл тұжырымдама бірте-бірте нақты мазмұнға ие болуда және оның президенттік бағдарламасындағы басты қағидаға айналуы мүмкін.
"Ендігі Мемлекет басшысының басты міндеті – елдегі бірлікті қалпына келтіру. Қандайда бір көшбасшы қамқорлығының астында емес, «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» деген ұранмен Отанды көркейту, азаматтық мемлекетті қалыптастыру, бір мақсатқа жұмылу. Бұл мақсаттарға қалай қол жеткіземіз деп талқылауға болады, бірақ негізгі жалпыға ортақ гүлдену мен азаматтық бейбітшілік барлығына қажет. Шындығында, «Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық!» деген мүдде орнауы тиіс", - дейді сарапшы.
Никита Шаталовтың пайымынша, кешегі Ресейде болған оқиғадан соң, аласапыран заманның жақын арада бітпейтіні тағы да аңғарылады. Аймақтағы шиеленіс неғұрлым күшті болса, соғұрлым бізге азаматтық идеясы төңірегінде түрлі күштердің бірігуі қажет болады.
"Сіздің ұлтыңыз қандай, қай өңірден екеніңіз, қандай саяси көзқараста екеніңіз маңызды болмауы керек. Барлығының бір азаматтық діні бар – біз ұлттың (содан кейін мемлекет) бірнеше бөлікке бөлінетіндей поляризациялануын қаламайтын қазақстандықпыз. Бұл президенттік науқан туралы емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Ал оны шешу 20 қарашада жеңіске жеткен кандидаттың иығына түседі", - деген жазба иесі.