Астанада 18+ кафесі ашылған...
Астанада 18+ кафесі ашылған...
©esquire.kz
778
оқылды
Елордада 18+ кафесінің жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асыпты. Тұрғындар арасында сұранысқа ие көрінеді. Иесі – Ксения Невмержицская, мамандығы – мұғалім. Бұл туралы Esquire.kz сайты жазды. – Негізі мамандығым бойынша мұғаліммін. Бірақ өзім ер адам мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас, олардың жыныстық қатынасы жайында көбірек білгім келетін. Алайда бұл жайында ашық ақпарат көзі көп емес. Содан іздене келе, сексология мен интимдік гимнастика жайында қосымша білім алдым. Сөйтіп, әйел денсаулығын реттейтін фитнес-тренерден бастап, арнайы бағыттағы сексолог-кеңесшіге айналдым, – дейді ол. [caption id="attachment_220696" align="alignnone" width="1200"]18+ ©esquire.kz[/caption] Айтуынша, соның арқасында 2015 жылдан бастап Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, «Вакум/Наули» тренингін өткізген. Нәтижесінде, секс-шоп дүкендерін ашу ойына келген.
– Эротикалық дүниелердің қолжетімді болуын қаладым. Оның үстіне жыныстық қатынас жайында қысылмастан, емін-еркін сөйлесіп, ондағы мәселелерді жан-жақты талқылайтын орта болса деп армандайтынмын. Сөйтіп секс-шоп пен тренингтік студия, эротикалық кофехананы қосып, осындай кафе аштым, – деді Ксения Невмержицская.
Кафе The Place 18+ деп аталады. Мұнда тамақ ішіп қана қоймай, келушілер сексологтың кеңесін ала алады. Тіпті, би билеу де үйретіледі. Дастарқан басында ойнайтын түрлі ойындар да бар. Иесінің айтуынша, мұндай кафе ашу қиын болмаған.