"Жигулиді" ұрлаған кім?
"Жигулиді" ұрлаған кім?
389
оқылды
Түлкібас АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен шағым түсті. Әйелдің айтуынша, олардың гаражында тұрған «ВАЗ» маркалы көлік белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шыққан. Олардың мәліметінше, «жигулиді» көпқабатты үйдің ауласында орналасқан гараждан ұрлап әкеткен. Көлік негізі жәбірленушінің туысына тиесілі. Шығын көлемі – 500 000 теңге. Жигули Полиция бөліміне жеткізілген күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, жас жігіт ашық тұрған гараждан көлікті ұрлап әкетіп, кейін егістікке тастап кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті заңды иесіне қайтарды. Қазір аталған жайт Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.