Орал қаласында 10-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды. Орал қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектепте болды.
«2007 жылғы ұл бала сағат 07:45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырғанмен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады» делінген ресми хабарламада.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің сағат 08:09-да шақырылғанын растады.