Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін мерейтойымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін мерейтойымен құттықтады
Фото: akorda.kz
187
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.