Мемлекет тізгінін тәжірибелі саясаткер ұстағаны абзал – Аягүл Миразова
Мемлекет тізгінін тәжірибелі саясаткер ұстағаны абзал – Аягүл Миразова
Фото: yandex.kz
848
оқылды
Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтіп жатыр. Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова съезде сөз сөйледі.
«Мемлекет тізгінін ішкі, сыртқы саясатта мол тәжірибесі бар, еліміздің өткенін, бүгінін, халықтың жағдайын терең білетін тәжірибелі тұлға ұстағаны абзал. Ол – біздің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Ұстаз, ана, әже ретінде өздеріңізге ақылымды қосып, бағыт-бағдар беру – парызым», – деді Аягүл Миразова.
Бұған дейін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынғанын жазған болатынбыз.