Ашықтық және айқындық – «Самұрық-Қазына» қоры жұмысындағы жаңа қағидаттар
Ашықтық және айқындық – «Самұрық-Қазына» қоры жұмысындағы жаңа қағидаттар
857
оқылды
Бүгін «Самұрық-Қазына» қорында Қордың қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғановтың баспасөз брифингі өтті. Ол аталған бағыттар бойынша 9 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы толық әңгімелеп берді. Ғибрат Ауғанов «Самұрық-Қазына» қорының жұмысындағы жаңа қағидаттар – ашықтық пен айқындық екенін айтып өтті. Мысалы, жұмыспен қамту саласында Қор компаниялар тобының барлық бос орындары SamrukQyzmet бірыңғай ашық рекрутингті порталына шығарылады. самұрық-қазына
«Порталда үміткерлерді алғашқы іріктеу автоматтандырылған. Бұл адам факторы мен сыбайлас жемқорлықты толық жояды. Портал іске қосылғаннан бері 20 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. 7 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Қазір SamrukQyzmet порталында 123 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобына қазақстандықтардың еліміздің ірі жұмыс берушісі ретінде аса қызығушылық танытуын білдіреді», – деп нақтылады Ғибрат Ауғанов.
Сондай-ақ ол қызметкерлердің әл-ауқаты  – ең жоғары құндылық екенін  атап өтті.
««Самұрық-Қазына» қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға басымдық береді. 2022 жыл компаниялар тобында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы болып жарияланды. Қор Қазақстанда алғашқы болып Vison Zero өндірістік қауіпсіздігінің халықаралық қағидаттарын өндіріске енгізді. Қызметкерлерді шетелдік әдістемелер бойынша оқыту, еңбек қауіпсіздігі саласында қазақстандық сарапшыларды даярлау, өнеркәсіптік объектілердің аудиті жүргізіледі», – деді Ғибрат Ауғанов.
Басқарушы директор Қордың қоғамға және БАҚ-қа ашық болуы үшін бірқатар шара атқарылғанына тоқталып өтті. самұрық-қазына
«Қоғамдық кеңестің ашық отырыстары үнемі өткізіліп тұрады. Онда «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың жұмысы ашық талқыланады. Қор мен портфельдік компаниялар басшыларының баспасөз брифингтері өткізіледі, онда басшылар БАҚ пен тұрғындардың кез келген сұрағына жауап береді. «Самұрық-Қазына» қоры өз жұмысы жайында әлеуметтік желілерде, оның ішінде @samrukazynaofficial Telegram арнасы арқылы белсенді түрде ақпарат беріп отырады», – деп түсіндірді  Ғибрат Ауғанов.