Әлеуметтік желіде жас жігітті тепкілеп, басына секіріп жатқан видео тарады. Оқиға 15 қыркүйекте Ақтауда болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақтау қалалық ПД-нің мәліметінше, төбелеске ерегіс себеп болған.
«Жастар өзара ерегісіп, кикілжің соңы төбелеске ұласты. Оқиғаға қатысушылардың бәрі ұсталды. Бұл факт ЕРДР-де Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді», – делінген ресми мәліметте.
Видеодағы жәбірленуші мен үш күдікті анықталды. Екеуі қамауға алынды, тағы біреуі іздестіріліп жатыр.