Оппозициядан кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды
Оппозициядан кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды
© exk.kz
365
оқылды
Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нұрлан Әуесбаев ОСК-нің кандидат құжаттарын қабылдау комиссиясына: - жеке куәлігінің көшірмесін; - республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының ҚР президенттігіне кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме мен түпнұсқасын; - ҚР президенттігіне кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін; - ҚР президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректерін; - ҚР президенттігіне кандидаттың Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатын; - дипломдарының көшірмелерін; - мемлекеттік қызметтігі немесе сайланбалы лауазымдағы жұмыс өтілі туралы мәліметтерін тапсырды. «Көңіл күйім өте жақсы. Әрине, қобалжу болды. Құжаттарымның бәрін қабылдап алды. Кандидат ретінде тіркелгенімді не тіркелмегенімді екі күннің ішінде хабарлайтын болды. Азаматтардың 118 мыңнан көп жоғары қолын жинай аламын деп сенемін. Мені қолдайтын халық, күшті партия бар. Еліміздің патриоты ретінде Президентімізді сыйлаймын. Ал додаға кім жеңілемін деп түседі?! Жеңуіміз керек!», – деді Нұрлан Әуесбаев құжаттарын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына. Еске салайық, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Нұрлан Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған болатын. Бұған дейін «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен президент сайлауына үміткер Мейрам Қажыкен, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен үміткер Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған еді.