Қазақстандық бала АҚШ президентімен сөйлесті
Қазақстандық бала АҚШ президентімен сөйлесті
458
оқылды
Қазақстандық бала көшеде АҚШ президентімен сөйлесті. Бұл туралы оның анасы әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгін қазақстандық Альтаир есімді бала мен АҚШ президенті Джо Байден арасында "келіссөздер" өтті. Кездесу президент іссапармен келген және Альтаирдің анасы оқитын Пенсильвания университетінің кампусында өтті", - деді оның анасы Дина.