Түркістан облысында қаржы пирамидасына 3 миллиард теңге жинаған 25 алаяқ сотталды
Түркістан облысында қаржы пирамидасына 3 миллиард теңге жинаған 25 алаяқ сотталды
Фото: kapital.kz
306
оқылды
Қаржы пирамидасына қатысты іске сот нүкте қойды. 25 адам  Қазақстанның 6 облысында 2 мыңнан астам адамнан қаржы жинаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәліметінше, қаржы пирамидасына қатысты Түркістан облысы полицейлері тергеген 2 мыңнан астам жәбірленушінің ісі сотта қаралды.
«Полицияға 2020 жылдан бастап Evolution Corporation мен «Индиго 24» ЖШС қаржы пирамидасына қаржы салған 6 өңірдің тұрғындарынан арыз түскен. Бір жылдан астам уақыт тергеу жүргізілді. Полиция 25 адамды ұстады. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді», – деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Полицейлер мен прокурорлар 15 түрлі сараптама жасаған.
«Алаяқтық жолмен 3 миллиард теңгеден асатын қаражатты иемденген. Тәжірибелі тергеушілер мен прокурорлардың келісімімен айыптау актісімен 1 000 томдық қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған 3 құрылтайшы – 12 жылға, 5 орынбасары – 10 жылға, 17 күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың ең үлкені 55 жастағы әйел болса, ең жасы – 31 жаста», – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Бұған дейін Алматыда қаржы пирамидасына ақша салған әйел Астанаға келіп, министрліктің алдында өзін-өзі өртеген болатын.