Ағаш егу акциясы өтті
Ағаш егу акциясы өтті
794
оқылды
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы­ның ұйымдастыруымен Өске­мендегі «Ана мен бала» орталы­ғының ауласында ағаш отырғызу акциясы өтті. Партияның ШҚО филиалының өкілі Аманбай Нұркеновтің ай­туынша, бұл ауқымды акция Эколо­гия­лық кеңестің бастамасымен атқарылуда.
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа ла­йықты өмір» сайлауалды бағдар­ламасында экологиялық мәселені шешуге арналған нақты бағыттар бар. Қаламызды жасыл желекке тол­тыруға, экологиялық жағдайдың жақсаруына партияластар барынша назар аударуда. Осы мақсатта «Ана мен бала» орталығының ауласын абаттандырып жатырмыз», – дейді А.Нұркенов.
Шараға «AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары, жастар, волонтерлер мен белсенділер қатысты.
«Бүгін қаладағы «Ана мен бала» орталығының алаңында ағаш егуге жиналдық. Бұл туған өлкеміздің, жаңа Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне қосқан ортақ үлесіміздің бастамасы деп санаймын», – деді «AMANAT» партиясы өңірлік эко­логиялық қоғамдық кеңестің төр­а­ға­сы Татьяна Чернышова.
Акция барысында 40 түптен астам қылқан жапырақты ағаш түрі отыр­ғызылды.
Өңірлік «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Қорлан Туған­ба­ева­ның айтуынша, жастар үшін мұндай игі шараның маңызы зор. «Біріншіден, бұл табиғатымызды ая­лауға қосқан үлесіміз болса, екін­шіден, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға арналған шара болмақ», – деді ол.