Атырауда мектепте әлімжеттік көрген оқушылар сабаққа барудан бас тартты
Атырауда мектепте әлімжеттік көрген оқушылар сабаққа барудан бас тартты
Фото: bestnews.kz
474
оқылды
Атырауда бастауыш сынып оқушыларынан жоғары сыныпта оқитын балалар ақша талап етіп, құрғақ ұнтақты жеуге мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Мой городтың» жазуынша, Атырауда №25 мектептің 4-сынып оқушылары мектепте әлімжеттіктен жапа шеккен. Балалар ата-анасына жоғары сынып оқушылары қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлегеніне шағымданған. Ата-аналар ұнтақ туралы оқушылар уланған соң ғана білген. Полиция бұл мәселенің мән-жайын тексерді. Сараптама жүргізді.
«Ұнтақ психотроптық зат емес және адам ағзасына зиян келтірмейді. Ол тез дайындалатын құрғақ сусын екені анықталды», – делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметте.