Блогер Алматыда көлік жүргізіп келе жатып, ішімдік ішкені туралы видеосын әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осы жайтқа қатысты Алматы қаласы Полиция департаменті ресми мәлімет таратты.
«Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жұмысын жүргізді. 1992 жылы туған К. есімді азаматша анықталып, ол видеоның үш күн бұрын түсірілгенін түсіндірді. Әйел мартини бөтелкесіне су құйып алғанын айтты. Ол ұсталған кезде сау болған. Сонымен қатар К. есімді азаматшаға қатысты көлік құралын қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргізгені үшін ҚР ӘҚбтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді полицейлер.