Түркістан облысында жазда Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттің мәйіті табылды
Түркістан облысында жазда Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттің мәйіті табылды
Фото: Видеодан скриншот
752
оқылды
Түркістан облысы Төлеби ауданында Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік студенттің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Otyrar.kz-тің мәліметінше, биыл бір топ шетелдік студент 26 маусымда тауға серуенге шыққан. Төтенше жағдайлар департаменті студенттің мәйіті 3 жарым айдан соң табылғанын растады. 12 құтқарушы мәйітті екі қайықпен екі бағытқа бөлініп іздеді. Мәйітке сараптама жасау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

«Кеше сағат 13.15-те Ханарық ауылынан солтүстікке қарай 1,5 мың шақырым қашықта Ақсу өзенінен мәйіт табылды. Іздестіруге Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 қайық, Түркістан облысы ТЖД-нан 7 құтқарушы, 1 қайық жұмылдырылды. Құтқарушылар судан табылған мәйітті сараптамадан өткізу үшін полицейлерге берді», делінген ресми мәліметте.
 width= Бұған дейін Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік студенттің әкесі Үндістаннан Түркістан облысына келгенін хабарлаған болатынбыз.